$ 514.65  544.6  5.17

ҚР Сыртқы істер министрі Иран Сыртқы істер министріне «ақыл айтты»

Иран СІМ басшысы қазақстандық әріптесін Таяу Шығыстағы ағымдағы ахуал туралы хабардар етті.

Иран тарапының бастамасымен ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Иран СІМ басшысы қазақстандық әріптесін Таяу Шығыстағы ағымдағы ахуал туралы хабардар етті.

Айта кетсек, жұма күнгі әуе соққысынан кейін бүкіл Иран даласы дүрк көтеріліп, Америкаға қарымта шабуылмен жауап береміз деп ант ішіп, кеше шииттер үшін қасиетті қала саналатын Кумдағы Джамкаран мешітінің төбесіне қызыл ту – Кек туын көтерді. Олардың салты бойынша, бұл – міндетті түрде қанды кек қайтаруды білдіретін рәміз.

Осы орайда, Керман провинциясындағы әскери базаны басқаратын генерал Голамали Абухамзе Американың маңызды нысандары мен Парсы шығанағындағы кемелерін де атқылауға дайын екенін жеткізді. Оның айтуынша, Иранның қарулы күштері дәл қазір АҚШ-тың маңызды 35 нысаны мен Тель-Авивті нысанаға алып отыр.

Ал ҚР Сыртқы істер министрі Иран Сыртқы істер министріне өңірдегі жағдайдың шиеленісуіне алаңдаушылық білдірді. Телефон арқылы ол барлық тараптарды шиеленістің одан әрі ушығуын болдырмау үшін ұстамдылық танытуға және жанжалды шешудің саяси-дипломатиялық жолдарын іздеуге шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары