$ 494.87  520.65  4.91

Дональд Трамптың «басы» үшін Иран 80 млн доллар сыйақы бермек

Иранның әрбір тұрғынынан бір доллардан жинап, ақшаны АҚШ президентін өлтірген адамға жіберу керек деген мәлімдеме жасады.
фото: day.kyiv.ua/ru
фото: day.kyiv.ua/ru

Иранның мемлекеттік телеарнасы Дональд Трамптың басы үшін 80 миллион доллар сыйақы беретіні туралы хабарлады, деп жазады Oinet.kz, EN24-тің дерегіне сүйеніп.

Генерал Касем Сулейманиді ақтық сапарға шығарып салуынан трансляция кезінде мемлекеттің телеарна жүргізушілері 80 миллион тұрғыны бар Иранның әрбір тұрғынынан бір доллардан жинап, ақшаны АҚШ президентін өлтірген адамға жіберу керек деген мәлімдеме жасады.

Айта кетсек, Иран жоғарғы көшбасшысының бас әскери кеңесшісі Хусейн Дехган CNN арнасына сұхбат бергенде генерал Касем Сулейманидің өлімі үшін кек алу үшін Иран америкалық әскери нысандарға шабуыл жасайтынын айтты. 

Ал, 5 қаңтарда Иран ядролық келісімнен бас тартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары