$ 448.89  477.93  4.76

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Instagram парақшасына жазылушылар саны 1 миллионға жетті

Айта кетсек, Мемлекет басшысы бұған дейін twitter.com желісінде де қоғамдағы актуалды мәселелерге белсенді түрде үн қосып келді.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Бүгін Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Instagram әлеуметтік желісіндегі tokayev_online атты жеке парақшасындағы оқырмандар саны тура 1 миллионға жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әзірге оның 9 ай ішінде президенттік өкілеттілігі аясында атқарған ең маңызды жұмыстарының (ресми шаралар, кездесулер, сапарлар) көрсеткіші ретінде Instagram-ға өз атынан салған 60 жарияланымы бар.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы бұған дейін Twitter.com желісінде де қоғамдағы актуалды мәселелерге белсенді түрде үн қосып келді. Ол сенатор кезінен бастап осы желідегі @TokayevKZ парақшасында оқырмандарын елдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік ахуалдардан жиі хабардар етіп отыруды әдетке айналдырған. Әлемдік деңгейдегі елді елең еткізерлік жаңалықтарға да немқұрайлы қараған кезі жоқ. Қазір онда өзінің 7082 жарияланымы бар десек, оқырмандарының саны – 139 мың.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары