$ 494.87  520.65  4.91

«Біз болған жағдайға қатты өкінеміз!»: Иран украиналық лайнердің апатқа ұшырауына кінәлі екендіктерін мойындады

Апаттың себебі - «адами фактор». Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф қателік дағдарыс кезеңінде АҚШ-тың «авантюризміне» байланысты деп түсіндірді.
Фото: Sputniknews.kz
Фото: Sputniknews.kz

Иран украиндық Боинг 737-800 жолаушылар ұшағы абайсызда атылып кетті деп мәлімдеді. Бұл туралы Associated Press Иран билігінің ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Апаттың себебі - «адами фактор». Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф қателік дағдарыс кезеңінде АҚШ-тың «авантюризміне» байланысты деп түсіндірді.

«Біз болған жағдайға қатты өкінеміз! Халқымыздан және қайғылы оқиғадан қаза болғандардың барлығының отбасыларынан кешірім  сұраймыз және көңіл айтамыз», - деп жазды министр өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Украинаның халықаралық әуе жолдарының (UIA) Боинг 737-800 ұшағы 8 қаңтарда Тегеран әуежайынан ұшып шыққаннан кейін бірнеше минуттан кейін өртке оранды және апатқа ұшырағаны туралы ақпарат жариялаған болатынбыз. Борттағы 176 адамның барлығы қайтыс болды. Қаза болғандардың басым көпшілігі Иран мен Канада азаматтары.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары