$ 494.87  520.65  4.91

Әуеге көтерілген бойда құлаған ұшақ апатынан тірі адам қалмады (ФОТО)

Медицина мамандары зардап шеккен жолаушыларға жақындай алмапты. Себебі, ұшақ бөлшектері жанып жатқан екен.
фото: ria.ru
фото: ria.ru

Көкке көтерілген бойда Иранның Тегеран қаласында жерге құлаған украиналық ұшақта болған жолаушылардың бірде-бірі тірі қалмады. Барлығы тегіс қаза тапты,- деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Reuters.com-ға сілтеме жасап. 

 Қаншама адамның ажалына себеп болған ұшақ "Украина халықаралық әуе жолдары" әуекомпаниясының меншігінде болған. Иранның шұғыл медициналық көмек көрсету қызметінің басшысы Пирхоссейн Куливанд Куливанд IRINN мемлекеттік ақпарат агенттігіне берген сұхбатында  апатты аймаққа тез арада жедел жәдел жәрдем қызметкерлері жөнелтілгенін айтты. Дегенмен, медицина мамандары зардап шеккен жолаушыларға жақындай алмапты. Себебі, ұшақ бөлшектері жанып жатқан екен.

Irna агенттігінің дереккөзіне сүйенсек, ұшақта 170-ке жуық жолаушы болған. Бұл мәліметті Иранның құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Моджтаба Кхалед хабарлаған. 

 Естерізде болса, лайнердің "техникалық ақауға" байланысты Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайы маңында құлағаны туралы ақпарат жариялаған болатынбыз. Сондай-ақ, апат болған жердегі көріністердің видеосын да жарияладық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары