$ 448.15  483.46  4.86

«Масқара сендерге!»: Иранда үкіметке қарсы наразылық акциясы басталды (ВИДЕО)

Тіпті, алаңға жиналғандар елдің күштік құрылымдарын мотоциклдермен қоршап алған көрінеді.

Украиналық Boeing 737-800 ұшағының апатқа ұшырауынан кейін Иран халқы үкіметке қарсы наразылық акцияларын үдете түсті. Наразылық білдірушілердің басым бөлігі студенттер, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, "Настоящее время"-ға сілтеме жасап. 

Ирандықтардың наразылық шаралары Ислам революцисының қорғаушы корпусы жолаушылар лайнеріне оқ жаудырғаны үшін жауапкершілікті толық өзіне алған соң басталған. Мысалы, студенттер тобымен қоса, жүздеген адам Тегерандағы бірнеше жоғары оқу орны ғимараттарының алдына жиналып, ұшақ апаты кезінде қаза тапқандарды еске алды. Олар қаза тапқандарды еске алып ғана қоймай, апатқа кінәлілерді  жазалауды, қызметінен босатуды талап етті.

 Куәгерлердің айтуынша, наразылық акциясына жиналғандар "Өтірікшілер, өтірікшілер!", "Ислам революциясының қорғаушылары, елімізге тыныштық бер, масқара сендерге!", "Диктатор кетсін!" деп ұрандатқан екен.

Тіпті, алаңға жиналғандар елдің күштік құрылымдарын мотоциклдермен қоршап алған көрінеді. Ал блогерлердің бірең-сараңы болса, әлеуметтік желілер арқылы полициямен қақтығыс болған жерден суреттер түсіріп, оқиға желісі көрсетілген видеоларды таратуда.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары