$ 524.65  552.19  5.14

«Тургистанды Түркістан деп қалады»: қала әкімі Голливуд фильміндегі атауға қарсы

«Бұл фильмді көргеннен кейін әлемде миллиондаған адам ойдан құрастырылған Тургистан мемлекетіне қатысты ойлануы және екі атау бір-біріне ұқсас болғандықтан, біздің қаламыз туралы теріс пікір қалыптастыруы ықтимал».

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов facebook парақшасына АҚШ түсірген «Елес топ» (6 Underground) фильмінің режиссері Майкл Бэй мен америкалық Netflix компаниясына үндеу тастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол фильмдегі ойдан құрастырылған Тургистан «мемлекетін» көрермендер қазақстандық Түркістан қаласымен шатастырып алуы мүмкін екенін айтып, Түркістанның фильмде айтылған Тургистаннан «мүлде басқа қала екенін» жеткізді. Сондай-ақ, бұған «көз жеткізу үшін» режиссерді 1500 жылдық тарихы бар қалаға шақырып, одан көрермендерді адастырмауды да сұраған.

«Бұл фильмді көргеннен кейін әлемде миллиондаған адам ойдан құрастырылған Тургистан мемлекетіне қатысты ойлануы және екі атау бір-біріне ұқсас болғандықтан, біздің қаламыз туралы теріс пікір қалыптастыруы ықтимал. Бұған қоса, қазірдің өзінде елде көп адамдар фильм Түркістан қаласы туралы деп айтып жатыр» деп жазды әкім.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары