Белгілі тележүргізуші Аман Тасыған қарагөз қыздарымызды бұзып алатын қазақ жігіттері екенін айтты. Жігіттердің білімсіздігінен жауапкершілікті сезіну қиын дейді, деп хабарлайды Stan.kz.
«Қазақ жігіттері көп оқуы керек негізі. Көп ізденіп, білім алуы қажет. Интернет өте ғажап нәрсе. Талғамды қалыптастырады. Сыни ойлауды қалыптастырады. Мысалы, ютуб, гуглға кіріп ол азаматтың нені көріп отырғандығынан-ақ оның қандай азамат екенін аңғаруға болады. Кейбір жігіттердің телефонын алып қарасам «Жайдарман» дегендер тұрады. Осымен түсінікті болады. Танымдық нәрселерді қарап жатқан жігіттерді өте аз байқайсың. Сондайда әттеген-ай дейсің. Білім болмаған жерде әрине жауапкершілкіті сезіну қиын ғой», – дейді Аман Тасыған «The real gap» ютуб-бағдарламасында.
Оның айтуынша, қазіргі жігіттерге тек білім жинау керек.
«Егер жақсы білікті, білімді маман және бірнеше қасиеттерді бойыңа жинаған адам болам десеңіз, білім алу керек. Іздену қажет. Ізденуді тоқтатпау керек деп ойлаймын. Біз керемет, өте ғажап ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Мүмкіндік көп», – дейді ол.