$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекет басшысы Тимур Құлыбаевты қабылдады

Кездесу барысында Құлыбаев мемлекет басшысына бизнес секторының ахуалы, отандық кәсіпкерліктің проблемалары, сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының осы саладағы қызметінің қорытындылары туралы ақпарат берді.
Фото: Ақорда сайтынан
Фото: Ақорда сайтынан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдады, деп хабарлады Ақордаға сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы. .

Кездесу барысында Құлыбаев мемлекет басшысына бизнес секторының ахуалы, отандық кәсіпкерліктің проблемалары, сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының осы саладағы қызметінің қорытындылары туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар, еліміздегі агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, фермерлер мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қаржы айналымының қажеттілігі, экономиканың өзге де секторларына қаражаттың қолжетімділігі жайында баяндады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары