25.01.2020, 23:00

АҚШ-тың Мемлекет хатшысы ақпан айының басында Қазақстанға келеді

Фото: twitter.com
Сапар аясында Помпеоның ел басшылығымен және ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуі қарастырылған.

2020 жылдың 1-2 ақпанында АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео іссапармен Нұр-Сұлтанда болады, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сапар аясында Помпеоның ел басшылығымен және ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуі қарастырылған. Кездесу барысында екіжақты және өңірлік ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланады», – деп мәлімдеді ведомствоның өкілі.

Тегтер: АҚШ іссапар