$ 483.23  534.74  5.12

«Егемендікті уыстан шығарып алсам, бір жыл ішінде мені жеп қояды» - Лукашенко

Мәскеу Минскіні қаржылық жағынан қыспаққа алу үшін мұнай саласында салық саясатын өзгерткен.
Фото: tv.rbc.ru
Фото: tv.rbc.ru

Беларусь президенті Александр Лукашенко егер Беларусьтің Ресейге қосылуына жол берсем, "беларусьтер шешім қабылданған күннен бастап бір жыл ішінде мені жеп қояды" деді. Ол елдің соңғы президенті болғысы келмейтінін де айтты.

24 қаңтарда Шклов қаласында қағаз өндіретін зауыт қызметкерлерінің алдында сөйлеген Лукашенко Ресеймен қатынас мәселесіне көп тоқталды. Ол Мәскеуді Минскіге қысым жасап отыр деп айыптады. Оның пікірінше, Мәскеу Минскіні қаржылық жағынан қыспаққа алу үшін мұнай саласында салық саясатын өзгерткен.

"Бұл әдейі Беларуське қысым жасау үшін жасалған нәрсе. Неге қысым қысым жасайды? Тауып көріңізші", - деді Лукашенко.

Президенттің айтуынша, Ресей бұған қоса Беларусьтен әлемдік нарықпен салыстырғанда қымбат бағамен мұнай тасымалдауды талап етіп отыр, сол себепті тараптар келісімге келе алмай отыр.

Лукашенконың айтуынша, Минск қазір АҚШ, Таяу Шығыс және өзге мемлекеттермен мұнай тасымалдау бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Балтық елдерінің порттары, Украина арқылы мұнай тасымалдануы мүмкін. Ол сонымен бірге, Ресеймен қатынаста мәселелердің басым бөлігі Дмитрий Медведев басқарған үкімет кезінде туындағанын айтты. Жақында Путин Медведев үкіметін отставкаға жіберген.

Бұған дейін Ресей мен Беларусь екі мемлекеттің одақтастығы туралы келісімшарт аясында интеграцияны тереңдету бойынша келіссөздер жүргізген. Бірқатар БАҚ және сарапшылардың пікірінше, Ресей Беларусьті бағынышты еткісі келеді, тіпті, оны тәуелсіздіктен де айыруға дайын. Бұған дейін Лукашенко тәуелсіздіктен бас тартпайтынын бірнеше рет қайталаған.

Дереккөз: Азаттық
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Лукашенко