$ 482.86  533.17  5.08

Хакерлік шабуыл: елорда әкімдігі Instagram-нан екінші парақша ашуға мәжбүр болды

Еске сала кетсек, елорда әкімдігінің бұрынғы парақшасында 140 мыңнан астам жазылушы болған.
фото: hronika.info
фото: hronika.info

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасына хакерлік шабуыл жасалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ведомство ақпаратына сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің @akimat_nur_sultan ресми аккаунтының бұзылуына байланысты жаңа парақша аштық. Енді ресми ақпараттарды @akimat_nursultan-ға салып отырамыз. Жазылыңыздар! Қала туралы ақпараттардан хабардар болып отырыңыздар» делінген мәліметте.

Еске сала кетсек, елорда әкімдігінің бұрынғы парақшасында 140 мыңнан астам жазылушы болған. Ал қазіргі жаңа парақшасына 2,5 мыңдай адам жазылып үлгеріпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары