27.01.2020, 11:20

Тоқаев ресми сапармен БАӘ-ге барды (ФОТО, ВИДЕО)

Сонымен қатар, Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың 28 қаңтарда Дубайда Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездесетінін айтады.

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында мәлімдеді.

«Бүгін Қазақстан Президенті Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездеседі. Кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселесі кең ауқымда талқыланады. Сапар барысында БАӘ іскерлік топтарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізу жоспарланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қаңтарда Дубайда Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездеседі, сондай-ақ, Дубай Халықаралық қаржы орталығына (DIFC) барады. Сонымен қатар Біріккен Араб Әмірліктері компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді», - делінген хабарламада.