$ 494.87  520.65  4.91

«Қытай билігі әлі ешбір елге өз адамдарын алып кетуге рұқсат берген жоқ» - ҚР СІМ ресми өкілі

Біздің ҚХР-дағы елшілер Қытай билігіне студенттерді эвакуациялауға қатысты тиісті хаттар жолдады.
Фото: neonomad.kz
Фото: neonomad.kz

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров ҚХР-да оқып жатқан студенттерді эвакуациялауға қатысты пікір білдірді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол өзінің Facebook-парақшасында «бірқатар мемлекет өз студенттерін Қытай Халық Республикасынан шығарып алып жатыр» деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Халықты толғандырған сұраққа Асқар Құмыран өз нұсқасын мәлімдеді. Олар студенттерді шығаруға дайындалып, тізім жинай бастаған. Осы сәтте Қытай билігі Уханьда карантин жариялады. 

Қытай билігі әлі ешбір елге өз адамдарын алып кетуге рұқсатын берген жоқ, қалалар карантинге жабылған. Бірақ әр ақпарат өзінше тарауда.

Біздің ҚХР-дағы елшілер Қытай билігіне студенттерді эвакуациялауға қатысты тиісті хаттар жолдады", - деп жазды Айбек Смадияров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус