$ 494.87  520.65  4.91

«Тек бізде емес, бүкіл республикада солай»: БҚО-да бензин бағасы 200 теңгеден асып кетті

Аймақтағы энергетика басқармасының дерегінше, бұл шалғай аудандар үшін қалыпты жағдай көрінеді.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Батыс Қазақстан облысында бензин бағасы 200 теңгеден асып кетті. Қазір өңірдің Жәнібек ауданында АИ-95 маркалы бензиннің литрі 210 теңгеден, ал 92-ші бензин 165 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Аймақтағы энергетика басқармасының дерегінше, бұл шалғай аудандар үшін қалыпты жағдай көрінеді. Өйткені, кәсіпкерлер жеткізу шығынын ақтау үшін бағаны осылай өсіреді екен.

Қымбатшылық қаладан да байқалады. АИ-92 бензині 7 теңгеге қымбаттаған. Мамандар мұны қазақстандық өндіріске акциз бағасының көтерілгендігімен байланыстыруда. Осылайша, бензин бағасы 3-7 теңге аралығында қымбаттаған.

«Бұл өзгерістер тек біздің өңірімізде емес, бүкіл республика бойынша солай. Қазір Орал қаласындағы ең арзан баға 140 теңгеден басталады. Ең қымбат жанармай АИ-92 148 теңгеге дейін барады. Сол сатып алу бағасына байланысты, біртіндеп көтерілуі байқалуда. Өндірушіден сатып алып келгенде, бүкіл кеткен шығындарын қосып, осы шекті бағаны қояды өздері», - дейді БҚО энергетика басқармасы басшысының орынбасары Бейімбет Мусин.

Ал көлік иелері жанармайдың қымбаттағанына наразы. Өйткені, содан кейін іле-шала басқа да қызметтердің құны шарықтап шыға келмек. Ал бұл қарапайым халық үшін ауыр тиеді деседі олар.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары