$ 494.87  520.65  4.91

«Марко Рубиомен туалетте отырып сөйлесем»: Серікжан Біләш пен Ауыт Мұқибек жұртты не үшін алдап жүр?

Помпеоның келетінінен бейхабар Серікжан Біләш Үштөбеде арыз жиямыз деген сылтаумен халықтан ақша жиып, ет жеп, сорпа ішіп, ел аралап қайтуға шыққан болатын.

Бахтбек Бахтбек бүркеншік есімді біреу facebook парақшасына «Қатерлі үштіктің суайттығы» тақырыбындағы жазба қалдырды. Оның айтуынша, соңғы кезде әлеуметтік желіде Қытайдан келген үштік - Серікжан Біләш, Ауыт Мұқибек және Шыңқуат Байжанов өздерінің өтірік үгіт-насихат әрекеттерін бастап кеткен, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«1 ақпан түнде Нұр-Сұлтанға ұшып келген АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бүгін туысқандары Шыңжаңда қамалған азаматтармен кездескен еді, кездесуге Шыңжаңда туысқандары тұтқындалған Талдықорғаннан екі азаматша Гүлнұр Қосдаулет, Бикамал Кәкен, Алматыдан Ақиқат Қалиолла барып қатысты. Помпеоның келетінінен бейхабар Серікжан Біләш Үштөбеде арыз жиямыз деген сылтаумен халықтан ақша жиып, ет жеп, сорпа ішіп, ел аралап қайтуға шыққан болатын.

Ал Майк Помпеомен кездесуді ұйымдастырғандар – ҚР СІМ мен астаналық белсенді азаматтар Қапар Ақат және Меллатхан Аятқали еді. Өз мақсаттарына жету үшін тәсіл талдап жатпайтын суайт үштік бүгін Шыңжаңда туыстары қамалған қазақтарды Помпеомен Серікжан кездестірді деп жалған ақпарат таратуда.

«Трамппен хат жазысам, Марко Рубиомен туалетте отырып сөйлесем» деп өтірікті аузы-мұрны қисаймай айтатын Серікжан Біләштің екі сыбайласы Ауыт Мұқибек пен Шыңқуат Байжанов суайттықта Серікжанның өзінен асып түсіп, кездесуді ұйымдастыруға мұрындық болған ҚР СІМ мен астаналық екі азаматтың еңбегін Серікжанның қанжығасына әрі-сәрі болмастан байлап беруде», - дейді жазба авторы.

Бұл ретте, ол егер кездесуді Серікжан Біләш ұйымдастырса, онда неге өзінің «отымен кіріп, күлімен шығып» жүрген Ғалымның шешесі Фариданы ертіп апармаған, неге Гүлзия Әуелханқызы және өзін Екінші дүниежүзілік соғысқа барып қайтқан батырдай сезініп жүрген Орынбек Көксебек қалыс қалған деп, ортаға сауал тастап отыр.

«Ауыт Мұқибек «бояушы-бояушы дегенге сақалын бояпты» дегеннің керін келтіріп, екі жыл бұрын Алматыда Серікжанмен түскен бір сүретін қиып алып, Майк Помпеомен кездесуі суретімен қатар қойыпты. Бұнысы, енді, тап-таза қарапайым халықты ақмақ қылу, алдау!

Соңғы кезде Атажұрттың жұмысы күрт тоқтады. Себебі, астаналық Қапар Ахат пен Меллатханға бөлінетін қаржыны қысқартып, олардың орнына Ауыт Мұқибектің әйелі Гүлбаян Тәнекеваны жұмысқа алған. Гүлбаян Тәнекева қазір Серікжан мен Ауыт Мұқибек жазған мақалаларды оқып, дыбыстық жазбасын аудиожазба жасап, Атажұрттың ютуб каналдарына салумен айналысуда», дейді Бахтбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары