$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандағы үш мегаполис әкімдерінің қанша айлық алатыны белгілі болды

Шымкенттің жаңа әкімі Мұрат Айтенов екі әріптесіне қарағанда, 20 мың теңгедей аз жалақы алады.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

Республикалық маңызы бар үш қала – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент әкімдерінің қанша жалақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Негізінде аталған үш мегаполистің әкімдіктеріне сайт редакциясы осы негізде сауал жолдаған.

Нұр-Сұлтан әкімдігіндегілер бұл ақпарат әкімдіктің сайтында тұрғанын хабарлады. 2019 жылдың тамыз айының соңында жарияланған «Нұр-Сұлтан әкімдігі басшылығының кірістері туралы ақпарат» бөлімінде әкім Алтай Көлгіновтің 771 007 теңге жалақы алатыны айтылады.

Алматы әкімдігі бұған қарағанда дәлірек ақпарат берді. Әкім Бақытжан Сағынтаев – 20 жылдан астам еңбек өтілі бар саясаткер. Оның толық жалақысының көлемі – 967 671 теңге. Одан барлық міндетті салықтар мен шегерімдерді алып тастағанда, қолына таза тиетіні – 783 814 теңге.

Ал Шымкенттің жаңа әкімі Мұрат Айтенов екі әріптесіне қарағанда, 20 мың теңгедей аз жалақы алады. Оның жалақысы – 946 540 теңге. Салықтарды есептемегенде, ол – 761 540 теңге.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары