$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекет басшысы Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Кеше Түркияның шығысында, Иранмен шектесетін Ван провинциясында қар көшкіні болып, кемінде 38 адам қаза тауып, 50-ден астам адам жарақат алды.
Фото: Ақорда сайтынан
Фото: Ақорда сайтынан

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан Президенті Ван провинциясындағы қар көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алды.

"Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтар мен жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ бауырлас түрік халқына қайғыра көңіл айтамын. Алла тағаладан табиғи апат кезінде қаза тапқандардың жандары жәннатта болуын, жараланғандардың тез арада сауығып кетуін тілеймін", – делінген Ақорда жариялаған жеделхатта.

Кеше Түркияның шығысында, Иранмен шектесетін Ван провинциясында қар көшкіні болып, кемінде 38 адам қаза тауып, 50-ден астам адам жарақат алды. Тағы бірнеше адам қардың астында қалуы мүмкін. Олардың барлығы алдындағы қар көшкіні кезінде жоғалып кеткен екі адамды іздеуге шыққан құтқарушылар болатын. Ол кезде 5 адам көз жұмған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары