Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында болып жатқан қақтығысқа қатысты пікір білдірді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Жамбыл облысы Қордай ауданында бұзақылық сипаттағы жаппай төбелес болды. Оны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған. Полиция жағдайды реттеп, өз бақылауына алды. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады», - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.
Айта кетсек, Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі Қордай ауданына қарасты Масаншы ауылының тұрғындары арасында жаппай төбелес болғанын мәлімдеген болатын.