$ 514.65  544.6  5.17

«Дүңгендер мылтық атып жатыр!»: полиция Жамбыл облысындағы қақтығыс аймағын бақылауда (ВИДЕО)

Сол үшін жергілікті қазақтар әр аудан, ауылдан жиналып, кек алуға шыққан-мыс.
фото: WhatsApp желісінен
фото: WhatsApp желісінен

Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі Қордай ауданына қарасты Масаншы ауылының тұрғындары арасында жаппай төбелес болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айта кетсек, 7 ақпанда жаппай төбелестің әртүрлі видеолары әлеуметтік желілер арқылы бірінен соң бірі тез тарай бастады. Сонымен қатар, «Қордай ауданында тұратын дүңген ұлтының өкілдері 80 жастағы қазақ қария мен оның екі баласын арматура және балғамен ұрып жаралаған» дегендей қауесет желдей есті. Сол үшін жергілікті қазақтар әр аудан, ауылдан жиналып, кек алуға шыққан-мыс.

Ал әлгі тарап жатқан видеолардың бірінде дүңгеннің ашулы жігіттері бір топ тәртіп сақшысына жұдырық ала жүгіріп, жағаларына жармасып жүр. Енді бір видеодан қақтығыс барысында атылған мылтық дыбыстары естіліп жатыр. Ол видеоны түсіріп жүрген жігіт: «Дүңгендер мылтық атып жатыр!» - деп қояды...

«Масаншы ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Полиция күшімен қақтығыс тоқтатылды, жағдай бақылауда. Жамбыл облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық Кодексінің 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қақтығысты бастаушылар мен қатысушылар анықталуда», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ескерте кетсек, департамент азаматтардан тек ресми ақпаратқа сенуді және қауесеттер мен жалған хабарламаларды таратпауды сұрайды. Жалған ақпаратты, әсіресе, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатыны баса айтылды.

Жалпы, бұл қақтығыс болған Масаншы ауылында 13 мыңнан астам адам тұрады екен. Ресми ақпарат бойынша, тұрғындардың 90 пайызы – дүңген ұлтының өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары