$ 494.87  520.65  4.91

Шоу-бизнес өкілдерінің партиялық тізімге еніп кетуін Ақорда өкілі түсіндірді

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев эстрада әншілері мен актерлардың, танымал спортшылардың Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің партиялық тізіміне неліктен енгізілгенін түсіндіріп берді деп жазады Tengrinews.kz.

Айта кетейік, кеше "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс өткен 17-ші съезінде Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімі бекітілген болатын. Олардың қатарында әнші Қайрат Нұртас пен Жанар Доғалова, актер Нұрлан Әлімжанов, спортшылар Геннадий Головкин, Илья Ильин және Серік Сәпиев, тележүргізушілер Майя Бекбаева мен Артур Платоновтар да бар. Бұл өз кезегінде әлеуметтік желі пайдаланушылары арасында қызу талқыға түсіп, жұрт шоу-бизнес өкілдерінің депутаттыққа үміткер болуына наразылық білдіріп жатты.

Ал, Даурен Абаев болса халықтың осынау пікірін әзіл деп түсінгендігін айтып отыр.

"Менің ойымша, әлеуметтік желілерде жазылған жазбалардың көпшілігі - жай әзіл ғана. Егер, мұны біреу расымен де проблема деп таныса, онда ол партиялық тізімді дұрыстап қарап шықпаған. Өткені, "Нұр Отанның" үміткерлерінің саны 127 адам. Олардың ішінде шоу-бизнес өкілдері мен спортшылар саны небәрі 6-7 ғана. Бәлкім, олардың танымалдылығы әсер еткен болар" дейді Ақорданың баспасөз хатшысы.

Ол сондай-ақ, тізімдегі үміткерлердің білікті маман екенін, ел экономикасының тұрақталуына үлес қоса алатынын да атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары