Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Президент Әкімшілігі аппараттарындағы қызметкерлердің саны туралы қауесетке түсінік берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақрпарат порталы.
Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде Мемлекет басшысы аппараты қызметкерлерінің саны 3 мың адам деген жалған (фейк) ақпарат тарап жатыр.
«Шындығында Президент Әкімшілігінде 408 адам жұмыс істейді. Оның ішінде Қауіпсіздік кеңесінің 50 қызметкері де бар. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын нақты дерекке сүйенуге және шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпауға шақырамыз.
Жалған ақпаратты қасақана таратқандардың жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы өзінің facebook парақшасында.