01.02.2016, 10:11

Депутаттыққа үміткерлердің мемлекеттен қанша теңге алатынын белгілі болды

Бүгін Орталық сайлау комиссисы Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін бекітті.

Ортсайлауком қабылдаған қаулы бойынша, заңнамаға сәйкес облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарының депутаттығына тіркелген әрбір кандидатқа бюджеттен үгіт іс-шаралары мен көліктік шығыстарға 245 мың теңге, ал қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидатқа 153 мың теңге бөлінеді.

Сонымен қатар, сайлау туралы заңның 19-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне және 8-тармағына сәйкес, Ортсайлауком сайлау заңнамасы белгілеген тәртіппен сайланғанға дейін шығып қалғандардың орнына Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясының мүшесі етіп А.Я. Шеферді, Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшесі етіп В.С. Пакты тағайындады.