$ 494.87  520.65  4.91

«Әмір Темір де, Абылай хан да Түркістанды елбасыдай өркендетпеген» - Ақсақалдар алқасының төрағасы

«Түркістан мен Нұрсұлтан қазақ тарихына ажырамайтындай болып енгені – дәлелді қажет етпейтін дүние. Сол ұлы бастамалар мен үлкен құрылыстардың басында Өмірзақ Естайұлы тұр», – деді, шабыттанып кеткен қария.

Түркістанның бұлай өркендеуі Әмір Темір Яссауи бабамыздың басына кесене соққан кезде де, Абылай хан Түркістанды Қазақ хандығының астанасы жасаған кезде де болмаған болуы керек. Мұндай пікірді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің ел алдындағы есебінде облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенұлы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, RGMEDIA.KZ-ке сілтеме жасап.

«Біз құлақ естіп, көз көрмеген тарихи кезеңнің басталуында тұрмыз. Түркістанның бұлай өркендеуі Әмір Темір Яссауи бабамыздың басына кесене соққан кезде де, Абылай хан Түркістанды Қазақ хандығының астанасы жасаған кезде де болмаған болуы керек. Түркістан жыл санап емес, күн санап өсіп келе жатыр.

Түркістанның жасарып, жаңғыруының басында елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы тұр. Мың жылдан кейін де 3020 жылы Ясауи кесенесін Ақсақ Темір тұрғызған десе, Түркістанды тұңғыш облыс етіп, оның орталығын Түркістан жасаған Нұрсұлтан деп айтылады. Түркістан мен Нұрсұлтан қазақ тарихына ажырамайтындай болып енгені – дәлелді қажет етпейтін дүние. Сол ұлы бастамалар мен үлкен құрылыстардың басында Өмірзақ Естайұлы тұр», – деді, шабыттанып кеткен қария.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары