$ 494.87  520.65  4.91

«Бұл – керемет идея!»: Қазақстанда митингтер енді көшеге шықпай-ақ, онлайн түрде өтуі мүмкін

«Онлайн митингтер, сауалнамалар «еститін мемлекет» тұжырымы аясында жасалады. Бәрі онлайн болса, несі бар?.. Ең бастысы, үніңнің естілгені, оған сәйкес реакцияның болғаны керек», - деді Дәурен Абаев.
фото: inbusiness.kz
фото: inbusiness.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Алматыда қоғамдық ұйым және қалалық қоғамдық кеңес мүшелерімен митинг, бейбіт шерулер өткізу туралы заң жобасын талқылаған дөңгелек үстел өткізді. Талқылауда айтылған көп ұсыныстардың бірі – онлайн митинг өткізу болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Әлеуметтік желілер үлкен рөл ойнайтын болып кетті. Сондықтан бейбіт митинг өткізу тәртібі туралы заңға әлеуметтік желілер енгізілсе дейміз. Онда онлайн-митингтер, онлайн-сауалнамалар өткізіп, билікке талап-тілектерді жеткізуге болар еді. Халықтың алаңға жиналуына жеткізбей-ақ. Халық өз талабын интернетте онлайн-митинг арқылы да жеткізе алады», - деді қоғам белсендісі Болат Жұматаев.

Тағы оқи отырыңыз: «Қазақ халқының 43 пайызы митингілерге оң, 16 пайызы теріс, 41 пайызы бейтарап қарайды» - сауалнама

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бұл ұсынысты бірден құптады.

«Бұл – керемет идея! Ұсынысты мұқият зерделейміз. Логика бар бұл идеяда. Қарастырамыз. Бірақ, онлайн митингтер, сауалнамалар «еститін мемлекет» тұжырымы аясында жасалады. Бәрі онлайн болса, несі бар?.. Ең бастысы, үніңнің естілгені, оған сәйкес реакцияның болғаны керек», - деді Дәурен Абаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары