$ 514.65  544.6  5.17

«Қазақ халқының 43 пайызы митингілерге оң, 16 пайызы теріс, 41 пайызы бейтарап қарайды» - сауалнама

Қазақстандықтардың дамыған демократия жағдайында өмір сүрмегенін есепке алғанда, сонымен қатар, азаматтар халықаралық құқық саласындағы стандарттармен таныс болмағандықтан, мұндай көрсеткіштер қисынға келеді.
фото: rotfront.su
фото: rotfront.su

«DEMOSCOPE» қоғамдық пікір экспресс-мониторингінің бюросы азаматтар арасында «Қазақстанда бейбіт жиын өткізу құқығы» тақырыбында жүргізілген сауалнаманың қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«DEMOSCOPE» қоғамдық пікір экспресс-мониторингінің бюросы (Жобаны Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы қор өкілдігінің қолдауымен Халықаралық MediaNet журналистік орталығы жүзеге асырады) 2019 жылдың күзінде 14 облыс пен республикалық маңызы бар үш қалада 1 100 адамға сауал қойған.

«Сауалнама стационарлық нөмірлерге телефон қоңырауы арқылы жүргізілді. Оған жасы 18-ден асқан ерлер (47 пайыз) мен әйелдер (53 пайыз) қатысты. Таңдау негізі ретінде Қазақстан бойынша стационарлық телефон нөмірлерінің абонентік базасы пайдаланылды. Нәтижесінде, респонденттердің 43 пайызы митингілерге оң, 16 пайызы теріс, ал 41 пайызы бейтарап қарайтыны немесе жауап беруге қиналатыны анықталды.

Сұралғандардың 46 пайызы бейбіт жиындардың қандай да бір оқиғаға немесе мемлекеттік шешімдерді қабылдауда ықпалы барын айтып, жауап берді» делінген DEMOSCOPE зерттеуінде.

Ал сауалнамаға қатысқандардың 40 пайызы митингілердің жағдайды тұрақсыз ететінін айтқан. Қалғаны (14 пайызы) жауап бермеген.

«Сұралғандардың 73 пайызы митинг өткізу билікпен келісілуі керек деп есептейді. Ал 17 пайызы бұл пікірмен келіспейді. Қазақстандықтардың дамыған демократия жағдайында өмір сүрмегенін есепке алғанда, сонымен қатар, азаматтар халықаралық құқық саласындағы стандарттармен таныс болмағандықтан, мұндай көрсеткіштер қисынға келеді.

Алайда, протестерді азаматтардың жігер танытуы ретінде қабылдау үрдісі эволюцияланып келеді. Ал азаматтар оның тиімділігіне көз жеткізіп келе жатыр» делінген DEMOSCOPE зерттеуінде.

Аталған таңдау бойынша, статистикалық ауытқу 95 пайыздық ықтималдықтың 3 пайызынан аспайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары