$ 494.87  520.65  4.91

«Шындығында Қазақстанның мемлекеттік тілі – орыс тілі»: Петр Своик билік пен қала қазақтарын сынады

«Бұған қоса, қалалық жерде аралас неке көп. Қазақ пен орыс қана отау құрып жатқан жоқ, қазақ пен кәріс, татар, өзбек, ұйғыр, еврей және басқаның қаны шимай-шатпақтанып кеткен».
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Экономист, саясаттанушы Петр Своик биліктегілер қазақша сөйлегенде оның ырымын жасаумен ғана шектеледі депті. Осы орайда, Dalanews.kz оның ia-centr.ru сайтында жариялаған мақаласынан қысқаша үзіндіні қазақшаға аударған.

«Бүгінгі Қазақстан билігі түгелдей қазақтардан тұрады. Саясатты, заңды, атқарушы және орындаушы билікті, экономиканы, білімді, ғылымды, мәдениетті, ақпаратты, әлеуметтік саланы қазақтар билеп-төстеп отыр.

Алайда, бұдан қазақ ұлтына қайыр жоқ. Қазақша сөйлеп, қазақша ойлайтын ауыл қазағы, қаладағы қарапайым қазақ ұлттық байлыққа ортақтаса алмайды», – деп есептейді Петр Своик.

Оның пікірінше, Қазақстандағы билік – қазақ ұлтына емес, осы ұлттан «жасақталған» ат төбеліндей топқа тиесілі.

Тағы оқи отырыңыз: Назарбаев үлкен теннисті, Тоқаев үстел теннисін жақсы көреді. Ал өзге президенттер ше? (ФОТО)

«Шындығында мұнда Қазақстанның мемлекеттік тілі – орыс тілі. Қазақ билігі орыс тілімен қатар қазақ тілін де қолдануға тырысады. Бірақ, бұл әншейін көзалдау, ырымын жасаған болады. Қалада тұратын қазақтың көпшілігі – орыстілді немесе екі тілді де жетік меңгерген.

Бұған қоса, қалалық жерде аралас неке көп. Қазақ пен орыс қана отау құрып жатқан жоқ, қазақ пен кәріс, татар, өзбек, ұйғыр, еврей және басқаның қаны шимай-шатпақтанып кеткен. Бүгінгі қазақ билігінің басында отырған әлгі ат төбеліндей топ қазақылығынан әлдеқашан айрылған», – дейді саясаттанушы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары