25.02.2020, 03:40

Сайлау науқанындағы рекорд: бір үйге мыңнан астам адам тіркеуге тұрған

Тағы бір үйде 900-ден астам адам тіркелген, бірақ, үй иесі олардың ешқайсысын танымайды, тіркеуге алуға рұқсат бермеген.

Қырғыздың Ош қаласында Мемлекеттік тіркеу қызметі азаматтарды меншік иесінің рұқсатынсыз жаппай тіркеген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Neonomad.kz-ке сілтеме жасап.

Құзырлы орган мәліметі бойынша, 2020 жылы қаңтар-ақпан айларында Ош қаласында 35 мың 895 адам, ал Қаракөл қаласында 3 мың 159 адам тіркелген.

Бас прокуратура бір мекенжайға 700-ден астам, тағы бірінде – мыңнан астам адам тіркелгенін, бірақ, онда ешкім тұрмайтынын анықтады. Тағы бір үйде 900-ден астам адам тіркелген, бірақ, үй иесі олардың ешқайсысын танымайды, тіркеуге алуға рұқсат бермеген.

Бұның алдында Орталық сайлау комиссиясы жергілікті кенеш сайлауы қарсаңында бірқатар қалада азаматтарды тіркеу әдеттегіден өзгеше жүргенін хабарлаған. Бұл мәселеге Парламент депутаттары да назар аударып, құзырлы органдарды тексеруге шақырды.

Жергілікті кенеш депутаттарын сайлау биыл 12 сәуірде өтеді.