Елордалық мәслихаттың депутаты Илья Мещеряков Kaspi Gold карточкаларын пайдаланатын Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлеріне жалпы табыстың 3 пайызын төлеуге міндеттеу туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Депутат бұл бастамасын астаналық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында айтты.
«Біз кәсіпкерлерге, Kaspi банкіне жеке кәсіпкер ретінде байланған адамдарға жеке табыс салығы бойынша барлық кірістерден 3% салық төлеу керектігін түсіндіруіміз керек. Барлық кірістердің 3%-ы онша көп ақша емес. Бір миллионнан – 30 мың, 10 миллионнан – 300 мың теңге», - деді Илья Мещеряков.
Депутат астаналық кәсіпкерлерді ынталандыру ретінде танымал жарнамалардан: «Төлеңдер және тыныш ұйықтаңдар», сондай-ақ, «Пайдалы болуға деген адалдық» ұрандарына тоқталды.