$ 449.3  489.69  4.89

Елбасы 30 жыл ел басқарған президенттің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Ол қаңтардың аяғында асқазанындағы ісікті алып тастау үшін ота жасатқан. Кейін оның жансақтау бөлімінде екені хабарланды.
фото: liter.kz
фото: liter.kz

Елбасы Мысыр Араб Республикасының бұрынғы Президенті Мұхаммед Хосни Мүбарактың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы elbasy.kz ақпаратына сүйене отырып.

«Мен Мұхаммед Хосни Мүбаракпен бірнеше мәрте кездестім. Ол Қазақстан мен Мысыр арасындағы қарым-қатынастың нығаюына және сенім мен достыққа негізделген ынтымақтастықтың дамуына тікелей септігін тигізді. Осынау азалы сәтте Мысыр халқына және марқұмның отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

Айта кетсек, 1981 жылдан 2011 жылға дейін Мысырды 30 жыл басқарған Хосни Мүбарак сейсенбі күні 91 жасында қайтыс болды. Сол кезде Еl-Watan басылымы Мүбарактың аурумен ұзақ күрескеннен кейін қайтыс болғанын хабарлады. Ол қаңтардың аяғында асқазанындағы ісікті алып тастау үшін ота жасатқан. Кейін оның жансақтау бөлімінде екені хабарланды.

2011 жылы халықтың жаппай шеруге шығуынан кейін отставкаға кеткен экс-президент кейін жемқорлық жасады және демонстранттардың өліміне себепкер болды деген айыппен қамауға алынған болатын. Содан ол 6 жылға жуық уақыт түрмеде отырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Мысыр #Елбасы