$ 494.87  520.65  4.91

Үкіметтік емес ұйымдар – азаматтық қоғамның көзі, құлағы һәм тілі (ФОТО)

Президент өз сөзінде «жалпы мемлекеттік міндеттерді жүзеге асыру үшін азаматық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану керек» деген болатын.

Ықпалды азаматтық қоғам – мемлекет дамуының локомотиві. Азаматтық қоғам мен қоғамдық мәдени сананы жаңғыртпай,  мемлекеттің тұрақты дамуын жүзеге асыру қиынның-қиыны екенін уақыт көрсетті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сондықтан да Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайтудың маңызды екенін атап айтқан болатын. Осы мақсатта Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. 

Президент өз сөзінде «жалпы мемлекеттік міндеттерді жүзеге асыру үшін азаматық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану керек» деген болатын.

Азаматтық қоғам бұл әуелі елішілік қордаланып жатқан түйіткілді мәселелерді шешуде халық пен билік арасында медиатор рөлін атқаратын бірден-бір алтын көпір іспетті. Мемлекет басшысы да қоғам мен билік арасында диалог орнату арқылы ғана елішілік һәм еларалық геосаяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге болатынын ескерткен еді. 

«Қоғамды толғандырып отырған негізгі мәлелелер көшеде емес, Парламентте және азаматтық диалог алаңдарында шешілуі тиіс», деген Қазақстан Президенті. Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін азаматық қоғамды дамытудың 2025 жылға арналған тратегиясын әзірлеуді тапсырған еді. 

Сонымен, елдегі азаматтық қоғамның бүгінгі ахуалы қандай? Қоғамдық саяси мәдениетті қалыптастыру қаншалықты маңызды? Біз бүгін қай деңгейдеміз? Сарапшылар сөйлепті...

Мұрат Бақтиярұлы, Сенат депутаты:

-Әуелі азаматтық қоғам дегеніміз – ел ішіндегі қоғамдық-саяси оқиғаларға азаматтардың белсенді араласуы, өз ой-пікірлерін, ұсыныстарын айтуы және оның шешілуіне араласуы. Бізге ең алдымен саяси мәдениетті қалыптастыру қажет. 

Рас, біз советтік тоталитарлық жүйе шеңгелінен шықтық. Бір жүйеден екінші жүйеге өту кезінде азаматтық қоғам институттарының кенжелеп қалғаны шындық. Ал оны дамытатын бірден-бір құрылым – үкіметік емес ұйымдар. 

Азаматтық қоғам өкілдерін елдегі саяси процесстерге белсенді араластыру керек. Халықтың, қоғамның үні естілуі керек. Бұл Халықаралық практикада бар дүние. Билік азаматтардың пікіріне қарай жұмыс жасауы керек. Сондықтан, азаматтық қоғамның атқаратын рөлі үлкен. 

Дос Көшім, саясаткер:

-Жалпы Қазақстанның саяси өміріндегі азаматтық қоғамынң алатын орнын белгілі бір деңгейге көтеру керек. Қазір елімізде үкіметтік емес ұйымдар өте көп. Оның ішінде, өздерін дәлелдей білген, құрылғанына 20 жылдан аса уақыт болған ұйымдар бар. Экологтардың ұйымдары, адам құқықтарын қорғау ұйымдары т.б. Міне, осы үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік деңгейге көтеру керек. 

Тағы бір айта кетерлігі, үкіметтік емес ұйымдардың көбісі әлеуметітк бағыттағы ұйымдар. Мысалы, жетім-жесірлерге көмек көрсету, науқас адамдарды қолдау деген секілді бағыттарда жұмыс жасайды. Ал қоғамдық саяси бағыттағы ұйымдар, мониторинг жасайтын ұйымдар өкінішке орай аз. Одан кейін заң шығару ісіне үкіметтік емес ұйымдар да араласуы керек. 

Шындығында азаматтық қоғам тек қана үкіметтік ұйымдармен шектелмейді. Оның ауқымы кең. Оның ішіне саяси партиялар, діни бірлестіктер, керек десеңіз КСК-лар да азаматтық қоғам категориясына кірді. Ал осылардың барлығының үнін жеткізетін жаңағы – үкіметтік емес ұйымдар болып табылады. Саяси партиялар – өздерінің партия ішілік проблемаларымен, діни топтар дін саясатына қатысты мәселелермен, КСК тұрғын үй мәселелерімен айналысады. Ал азаматық қоғамның ортақ үнін үкіметтік емсе ұйымдар жеткізіп отырады. Сондықтан, үкіметтік емес ұйымдар – азаматтық қоғамның, көзі, құлағы және тіліне айналған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары