$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирус індетінің қашан тоқтайтыны белгілі болды

Сондай-ақ, сарапшы кейбір елдерде халық саны көп болғандықтан, індет бірден тоқтай қоймайтынын айтады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Коронавирус індетінің жаппай таралуы мамырда тоқтайды. Бұл туралы Алматы қаласы Сапа бақылау және тауарлар қауіпсіздігі департаментінің аса қауіпті инфекцияларды бақылау бөлімінің басшысы Саят Қауметбаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Дәрігердің айтуынша, күн жылыған соң кейбір елдерде коронавирус індетінің тарауы тоқтайды.

«Коронавирус ультракүлгін сәулелерге төзе алмайды. Наурызда вирус тоқтайды, себебі күн сәулесі болғанда вирус шыдай алмайды. Ал мамырда бұл індет аяқталады. Дегенмен вирус ешқайда кетіп қалмайды, ол тұмау ретінде тарала береді, бірақ оны жұқтыратындардың саны күрт азаяды», - деді Саят Қауметбаев.

Сондай-ақ, сарапшы кейбір елдерде халық саны көп болғандықтан, індет бірден тоқтай қоймайтынын айтады.

«Әрине, халық көшеде топ-топ болып жүреді, содан бір-біріне жұқтырады. Бір Уханның өзіне Қазақстан тұрғындарын сыйғызуға болады», - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус