$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысының жолдарында рұқсатсыз көкпар тартқан азаматтар кешірім сұрады (ВИДЕО)

Аталған ұлттық ойынды ұйымдастыруға және өткізуге қатысқан өзге де азаматтар анықталуда.

Алматы облысының жолдарында рұқсатсыз көкпар ойынын ұйымдастырып, ойнаған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп жазады Polisia.kz.

Көктебі және Рахат ауылдық округтерінің тұрғындары арасында көкпар ұлттық ойыны өткендігі анықталды. Іс- шара аяқталғаннан кейін қатысушылардың бір бөлігі ойынды жол бөлігінде жалғастырғаны белгілі болды. Аталған заңға қайшы әрекеттердің жолын патрульдік полиция экипаждары дер кезінде кесті. Сонымен қатар, ұлттық ойындар жергілікті атқарушы органдардың келісімінсіз өткізілгенін атап өткен жөн.

Естеріңізге сала кетейік, мұндай бейнелердің бірі әлеуметтік желілер мен мессенджерлер бетінде кеңінен тараған болатын. Бейне түсірілімде Алматы облысы, Еңбекші қазақ ауданы, Рахат ауылдық округінің жол бөлігінде 20-25 адамнан тұратын бір топ адам рұқсатсыз “Көкпар” ойынын ұйымдастырған.

Ойынды ұйымдастырғандар 1998,1997, 2000,1992 жылғы Алматы облысы Рахат ауылының тұрғындары. Олар ҚР әкімшілк құқық бұзушылық туралы кодексінің  434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған ұлттық ойынды ұйымдастыруға және өткізуге қатысқан өзге де азаматтар анықталуда.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Көкпар дауы