$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекет басшысы Тоқаев Медведевпен кездесті

Тоқаев Медведевті жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады.

Ресейдің қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.

Тоқаев Медведевті жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады. Ал Медведев Ресей тарапы Қазақстандағы саяси процестерге қызығушылық танытып, зерттейтінін жеткізді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Біздің елдер дамып жатыр. Сіз бізде болып жатқан конституциялық реформа туралы айттыңыз. Қазақстанда да ауқымды процестер жүріп жатыр. Біз де байқап, зерттеп отырамыз", - деді Медведев.
Ресейдің қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары екі ел достық және серіктестік қарым-қатынаста екенін атап өтті.

"Біз бір-біріміздің дамуымызға көмектесіп қана қоймай, даму жолындағы кезеңдерді зерттеп, бір-бірімізден үйренуіміз керек", - деді Дмитрий Медведев.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ресейдің Коституцияға өзгертулер енгізу үрдісін қызығушылықпен бақылап отырғанын мәлімдеді.

"Ресей дамуының жаңа кезеңіне аяқ басқалы тұр. Коституциялық реформа жүзеге асырылып жатыр. Біз оны мұқият бақылап отырмыз. Біз стратагиялық серіктес болғандықтан, бұл процеске Қазақстан тарапынан қызығушылық жоғары", - деді Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары