Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен өңір басшысының өкімімімен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымына Ұласбек Сәдібекұлы Сәдібеков тағайындалды деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сәдібеков облыс әкімінің орынбасары лауазымында әлеуметтік және идеология салаларына жетекшілік ететін болады.
Ұласбек Сәдібекұлы Бәйдібек ауданы Жамбыл ауылында 1967 жылы дүниге келген. Білімі жоғары, мамандығы бойынша инженер-электрик, халықаралық экономист.
2012 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып еңбек етіп келді.
Естеріңізге салайық, жуырда Мәжіліс депутаттары Парламенттің төменгі палатасын тарату туралы ұсыныстарын Елбасына жолдаған болатын. Президент бұл ұсынысты қабыл алып, Мәжіліске кезектен тыс сайлауды 20 наурызға белгіледі.