Ресей президенті Владимир Путин өзінің президенттік өкілеттілігінің күшін жою және жаңа бәсекелік сайлау ұйымдастру туралы бастаманы қолдайтынын жеткізді. Десек те, ол бұл үрдістің заңды не заңсыз екенін анықтау үшін Конституциялық сотқа жүгінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Путиннің қазіргі өкілеттілігінің мерзімі 2024 жылы аяқталады. Мемлекеттің жаңа Конституциясы бойынша ол келесі жолы президенттік сайлауға түсе алмайды.
Өзінің Мемлекеттік дума депутаттарының алдындағы сөзінде ол екі түрлі нұсқа ұсынды: Конституциядағы жаңа ережеден бас тарту және келесі жолы президенттік сайлауға түсу. Егер аталған ұсыныс қабылданатын болса, онда болашақта Путиннен бөлек, басқа да Ресейді басқаратын президенттер өздерінің кандидатурасын бірнеше рет ұсына алады.
«Жалпы, біз мерзім бойынша шектеуден бас тартуымызға болады», - депті Путин. Егер ұсыныс қабылданатын болса, ол президенттікке бесінші рет, одан кетсе алтыншы рет өзін ұсына алады.
«Егер Конституциялық сот ресми түрде бұл үдерісті заңды деп тапса, негізі бұл жағдай әбден мүмкін», - деді әлі де орынтағын қимай отырған президент.
Ескерте кетсек, бұған дейін Ресей Думасының бірқатар депуттары Путинге қолдау білдіріп, Конституциядағы шектеуден бас тарту туралы ұсыныстарын жеткізген еді...
Айтпақшы, Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін іссапармен Ресей Федерациясына барды. «Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі» деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында.