12.03.2020, 16:20

Назарбаев – «университет жұлдызы», Назарбаева – «ұлттық ынтымақтастықты нығайтушы»

фото: youtube.com
Пәкістан астанасы Исламабадтан жеткен сыйлықпен қатар, Дариға Нұрсұлтанқызына Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезін өткізгені үшін алғыс та айтылған.

Бүгін Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Ислам зерттеу институты Кеңесінің атынан «Paigham-e-Pakistan-2020» бейбітшілік сыйлығымен марапатталды. Бұл сыйлық оған қазақстандық қоғамдағы ұлттық ынтымақтастықты, келісімді және әлеуметтік әділеттілікті нығайтудағы сіңірген еңбегі үшін беріліпті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға күш салғаны үшін және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін өткізгені үшін беріледі», - делінген Ислам зерттеу институты Кеңесінің хатында.

Пәкістан астанасы Исламабадтан жеткен сыйлықпен қатар, Дариға Нұрсұлтанқызына Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезін өткізгені үшін алғыс та айтылған.

Осы сәтте Мәскеуге арнайы сапармен барған Қауіпсіздік кеңесі мен «Nur Otan» партиясының төрағасы, Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев та бір марапатқа ие болды. Михаил Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде болған кездесуде ректор Виктор Садовничий оған «Мәскеу университетінің жұлдызын» тапсырды. Бұл – жоғарғы оқу орнының жоғары марапаты.