$ 446.49  475.38  4.79

Коронавирус: «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің отырысы да өтпей қалуы мүмкін бе?

Бұдан бұрын Нұрсұлтан Назарбаев отырыстың 18 наурызға белгіленгенін айтқан еді.
фото: khabar.kz
фото: khabar.kz

Кеше президент жарлығымен коронавирус індетіне байланысты Қазақстандағы қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылды. Ол туралы Твиттердегі парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, dalanews.kz-ке сілтеме жасап.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Қазақстанда өткізілетін барлық спорттық шараларға шектеу қойылды. Ал сауда орталықтары қалыпты жұмыс істейді де, орталықтардағы кинотеатрлар жұмысын тоқтатады. Келесі аптадан бастап оқушылар мен студенттер каникулға шығады (16 наурыздан 5 сәуірге дейін).

Осыған орай өткен брифингте Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Наурыз мерекесі де бұқаралық деңгейде тойланбайтынын айтты.

Ал сол коронавирус қаупіне байланысты «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің отырысы да өтпей қалуы мүмкін бе? Бұдан бұрын Нұрсұлтан Назарбаев отырыстың 18 наурызға белгіленгенін айтқан еді. Осы жиында «Нұр Отан» партиясынан Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауалды партиялық тізімдеріне кандидаттар анықталады деп жоспарланған.

Саясаткер Мұхтар Тайжанның пікірінше, короновирус қаупіне байланысты «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің отырысын өткізбеу керек.

«Біз ел тізгінін ұстаған асыл азаматтардың денсаулығына қатер төндіріп, басын бәйгеге тіккенін қаламаймыз. Қайдан білесіз, әлдебіреу осы отырысқа еніп кетіп, әдейілеп түшкіріп, жөтелуі әбден мүмкін», – деді ол, әзіл-шыны аралас.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары