$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте Әбілязовке қатысы бар «Көше партиясының» парақшасын таратқан белсенділер ұсталды

Айта кетсек, биыл ақпанның ортасында бір топ белсенді «Көше партиясы» тіркелмеген қозғалысы құрылғанын мәлімдеген болатын. Олардың сөзінше, қозғалыстың мақсаты – билікті бейбіт түрде ауыстырып, парламенттік республика құру және Конституцияны өзгерту.

Шымкенттегі Алаш базарында тіркелмеген «Көше партиясы» қозғалысының парақшаларын таратқан белсенділер Ләззат Досмамбетова мен Нұржан Абдубайтовты полиция ұстап, түнде босатты, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Ләззат Досмамбетованың айтуынша, оның парақша таратып жүргенін қара киім киіп, көзілдірік таққан белгісіз адамдар видеоға түсірген. Сосын парақшаны таратып болған соң, белгісіз адамдар оны күштеп ұстап, көлікке отырғызған.

«Көлікте екі полиция қызметкері отыр екен. Не үшін ұстады, кімдер ұстады, таныстырған жоқ. Абай аудандық полиция басқармасына әкелген соң түсініктеме алды. Хаттама толтырмады», - дейді белсенді.

Полиция белсенділердің қолындағы парақшаларын жинап, «Көше партиясының» белгісі бар жейдені шешіп алған. Абай аудандық полиция басқармасының өкілі Нұрлан Нарымбетов тілшілерге белсенділердің не үшін ұсталғаны жөнінде жауап бере алмайтынын айтты. Ал басқарманың күзетшілері екі белсендінің ішке кіргенін, кейін қайта шығып кеткенін ғана жеткізді.

Айта кетсек, биыл ақпанның ортасында бір топ белсенді «Көше партиясы» тіркелмеген қозғалысы құрылғанын мәлімдеген болатын. Олардың сөзінше, қозғалыстың мақсаты – билікті бейбіт түрде ауыстырып, парламенттік республика құру және Конституцияны өзгерту.

Белсенділер қозғалысты ешкім қаржыландырмайтынын айтқан. Бірақ, «Көше партиясы» тіркелмеген қозғалысының мүшелері Қазақстанда экстремистік деп танылып, қызметіне тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық қозғалысының» осыған дейінгі қарсылық акцияларына, түрлі шараларына қатысқан және сотпен «бейбіт митинг заңын бұзды» деген айыппен жазаланған.

Әблязовтың өзі де әлеуметтік желіде бірнеше рет «Көше партиясының» жазбаларын бөліскен және өз постарында атап өткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары