$ 494.87  520.65  4.91

АҚШ коронавируспен күресу үшін Қазақстанға 890 000 доллар бөлуге дайын

ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.А. Біртанов COVID-19 бойынша Қазақстандағы халықаралық ұйымдардың ресми өкілдерімен кездесті.
Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz

АҚШ үкіметі Қазақстанға коронавирус инфекциясымен күресті күшейту үшін 890 000 доллар бөлуге дайын, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы @atameken.business-ке сілтеме жасап.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.А. Біртанов COVID-19 бойынша Қазақстандағы халықаралық ұйымдардың ресми өкілдерімен кездесті.

Кездесудің мақсаты - Қазақстан Республикасына COVID-19-ға қарсы тұруға дайындық бойынша консультативтік және қаржылық қолдауды үйлестіру. АҚШ үкіметі осы мақсатта біздің елге 890 000 доллар бөлуге дайын екенін мәлімдеді.

Кездесу барысында тараптар медициналық ұйымдардағы инфекциялық бақылау, зертханалық мүмкіндіктерді нығайту, клиникалық жағдайларды хаттамаларға сәйкес емдеу, COVID-19 жағдайына мониторинг және жедел әрекет ету, ақпараттық жұмысты күшейту және т.б. сияқты ынтымақтастықтың басым бағыттарын іске асыру үшін бірлескен жобалық топ құруға шешім қабылдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары