$ 514.65  544.6  5.17

«Қазақстанда биліктің эволюциялық моделі құрылуда» - саясаттанушы

«Қоғамда пікірлердің алуандығы пайда болды, жастар әділетті әрі радикалды реформалардың болуын қалады», - дейді Ерлан Сайыров.

Саясаттанушы Ерлан Сайыров Strategy2050.kz тілшісіне Қазақстанда биліктің эволюциялық моделі құрылып жатқаны туралы сұхбат беріпті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Біздің елде биліктің бейбіт түрде ауысқанына бір жыл толды. Бұл өзгерістің басты ерекшелігі – үрдістің бейбіт әрі өз еркімен болғаны. Бұл – біздің елдегі билік трансформациясын түсіндіретін маңызды сәт. Трансформация еліміз үшін саяси тарихи кезеңде орын алды. Қоғамда пікірлердің алуандығы пайда болды, жастар әділетті әрі радикалды реформалардың болуын қалады», - деді Ерлан Сайыров.

Сонымен қатар, саясаттанушы Қазақстанда биліктің эволюциялық моделі құрылып жатқанын айтты.

«Бізде биліктің эволюциялық моделі құрылуда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев заңнамалық әрі конституциялық деңгейде билікті ауыстыруға бейбіт әрі лигитімді негіз қалыптастарды. Осылайша, билікті бейбіт түрде жаңа кезеңге сабақтастырды», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары