$ 498.34  519.72  4.85

Карантинмен қатар жарияланған жазба: Тоқаев президент болғанына 1 жыл толғанын еске салып қойды

«Мемлекетіміздің негізін қалаушы – Елбасы стратегиясы сабақтастығын жүзеге асыру үшін көп жұмыс атқарылды», - дейді ол.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев наурыздың 19-ына қараған түнгі 12-де twitter парақшасына осыдан тура бір жыл бұрын өзіне ел тізгіні мәртебесі бұйырғанын жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Осы сәтте қос мегаполис – Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары карантинге жабылып жатқан еді. Енді не болар екен деп елеңдеген елде мемлекет басшысының мәртебесіне де мән берер ес қалмағандай. Орайы келгенде, Қасым-Жомарт Кемелұлы елді жаңғырту реформалары жалғасын табатынын еске салып қойды.

«Бір жыл бұрын аса көрнекті мемлекет қайраткері, жаһандық деңгейдегі саясаткер Н. Назарбаевтан ел тізгінін қолға алу мәртебесі бұйырды. Мемлекетіміздің негізін қалаушы – Елбасы стратегиясы сабақтастығын жүзеге асыру үшін көп жұмыс атқарылды. Елімізді жаңғырту реформалары жалғасын табады», - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары