$ 448.15  483.46  4.86

Аслан Сәрінжіповке жаңа жұмыс табылды

ҚР Білім және ғылым министрлігін кешеге дейін басқарып келген Аслан Сәрінжіпов жаңа қызметке тағайындалды деп жазады Tengrinews.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сәрінжіпов Аслан Бәкенұлы "Назарбаев қорының" президенті болып және Nazarbayev University қамқорлық кеңесінің мүшесі болып тағайындалды" делінген аталған хабарламада.

Айта кетейік, "Назарбаев қоры" 1998 жылы 15 желтоқсанда Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған болатын.

Аслан Сәрінжіповті Білім және ғылым министрлігінде Ерлан Сағадиев алмастырды. Сәрінжіпов 2013 жылдан бері Білім және ғылым министр лауазымын атқарып келген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары