Бүгін Алматыдағы Универсиада нысандарын аралап көрген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тіл мәселесіне де тоқталып өтті. Ел президенті Қазақстанның тек көпұлтты емес, сондай-ақ көптілді ел екенін де атап өтті.
«Біз үштілді білім беру жүйесін енгіздік және бұл жолдан ауытқуға болмайды. Шенеуніктердің көбі заңнан озып, ел тұрғындарының бәрін қазақша сөйлеткісі келеді. Бірақ біз көпұлтты ел болғандықтан оған жол беруге болмайды», - деді Елбасы.
«Менің байқағаным, біреу орысша сұраса, біздің мамандар оған қазақша жауап беріп жатады. Сонда прокуратура қайда қарап отыр? Егер азамат орыс тілінде өтінім берсе оған орысша жауап беру керек. Егер орыс тілінде сұраған азаматқа қазақша жауап берсе ондай қызметкерді жұмыстан қуу керек!» - деп атап өтті Н.Назарбаев.
Аталған жиын барысында Президент жоғары білім жайында да сөз қозғады. Ол бірнеше диплом алып, оны пайдаға асырмайтындарды сынға алды.