Осыдан бір жыл бұрын, яғни 2019 жылдың 23 наурызында елордамыздың атауы Астанадан Нұр-Сұлтанға ауысқан еді. Осымен бұл қаланың атауы бес рет өзгертілді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қысқаша тарихына тоқталсақ, қазіргі Нұр-Сұлтаннан 5 шақырым жерде ортағасырлық Бозоқ қаласының орны бар. Ол кезінде Қыпшақ хандығының астанасы болған. Осы аумақ арқылы ХVІ ғасырда Сібір – Орта Азия керуен жолы өтіпті. Тарихшылардың пайымынша, сол ортағасырлық Бозоқ қаласын Ақмоланың түпкі атасы деп санауға болады. Ал оның соңғы «мұрагері» қазіргі Қазақстанның астанасы болып тұр.
Енді рет-ретімен айтсақ, XIX ғасырдың 30-жылдары бұл жер Ақмола елді мекені болған.
1961 жылы жылы тыңайған жерлерді игеру кезінде қала орталығына Целиноград атауы берілген.
1992 жылы тәуелсіздікке қол жеткізіп, Ақмола атауы қайтарылған.
1997 жылы еліміздің астанасы президенттің бастамасымен Алматыдан Ақмола қаласына көшірілді. Ал 1998 жылы Қазақстан Республикасы астанасының атауы Астана болып өзгертілді.
2019 жылдың 23 наурызында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен қала атауы еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан болып бесінші рет өзгертілді. Бұнымен тоқтамауы да мүмкін...