$ 494.87  520.65  4.91

Назарбаевтың өкілі қайырымдылық жасауға шенеуніктерді мәжбүрлеп отырмағандарын айтты

Мұндай «бастамаларға» жол берілмейді. Барлық қайырымдылық тек ерікті негізде жүзеге асырылуы керек.

Бүгін елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында Birgemiz қоғамдық қорына қайырымдылық мемлекеттік қызметкерлерді мәжбүрлеу арқылы жасалып жатпағанын жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Еліміздің бірнеше аймағында Birgemiz қоғамдық қорына мемлекеттік қызметкерлердің мәжбүрлі түрде қайырымдылық жасап жүргені туралы ақпарат пайда болған. Мұндай «бастамаларға» жол берілмейді. Барлық қайырымдылық тек ерікті негізде жүзеге асырылуы керек» деп жазды Айдос Үкібай.

Тағы оқи отырыңыз: 5 миллиард теңге: Назарбаевтар әулетіне тиесілі қорлар коронавируспен «белсене күресіп» жатыр

Коронавирусқа қарсы күреске Динара Құлыбаева 4,5 миллиард, ал Болат Назарбаев 150 миллион теңге бөлді

Елбасы үндеуін қоштай жөнелген қалталылар коронавируспен күреске 41 млн доллар бөлді

Ол Birgemiz қоғамдық қорына қайырымдылық қаржысы тек бизнес қауымдастық өкілдері мен кәсіпкерлерден ғана қабылданатынын еске салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары