$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде барлық бекеттің көлік айналып өтетін жан-жағы түгел қазылды

«Төтенше жағдай режімін бұзу» бабы бойынша 9 адам қамалды. Ал 32 адамға айыппұл салынып, төртеуіне ескерту берілген.

Ақтөбеде блокбекеттердің жан-жағы түгел қазылып, жолдағы шектеу күшейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облысында төтенше жағдай режімін бұзған 87 дерек тіркелді. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің «Төтенше жағдай режімін бұзу» бабы бойынша 9 адам қамалды. Ал 32 адамға айыппұл салынып, төртеуіне ескерту берілген.

«Тәртіп бұзғандар арасында 30 дүкен, 25 дәмхана, бар, 6 монша, 4 букмекерлік кеңсе, 1 кемпинг, 1 демалыс базасы, 1 фитнес клуб, 2 көлік жуу орны бар. ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша көлік жуу орнының иесіне 10 АЕК айыппұл салынды.

Сонымен бірге, дәмхана сағат 22:00-ден кейін жұмыс істеген. Мекеме иесіне 26 500 теңге айыппұл салынды. Жолдағы қауіпсіздік шарасын күшейту үшін барлық блокбекет маңы қазылды. Полиция мен әскери қызметкерлер тәулік бойы күзетіп тұр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ақтөбе #бекет