$ 498.34  519.72  4.85

Америкалық ғалым «коронавирусты жасап шыққан» деген күдікке ілікті

2011 жылғы құжаттардан Чарльз Либер Қытайдағы Ухань технологиялық университетінде «стратегиялық ғалым» болу туралы келісімге қол қойып, оның айлық жалақысы 50 мың АҚШ долларын, жыл сайынғы шығыстары 150 мың АҚШ долларын құрағаны және екінші зертхана үшін 1,5 миллион доллардан асатын ақша төленгені анықталды.
фото: sciencemag.org
фото: sciencemag.org

Әлеуметтік желіде АҚШ-та коронавирусты жасаған ғалымның қамауға алынғаны туралы ақпарат тарауда. Мұндай ақпарат алғаш биылғы қаңтар айында таралған, деп жазады qamshy.kz.

28 қаңтарда бірқатар америкалық БАҚ, оның ішінде Nytimes.com басылымы, Harvardmagazine.com журналы және Factcheck.org сайты ақпараттың фейк екенін хабарлады. «Нью-Йорк Таймс» Гарвардтың химия кафедрасының меңгерушісі Чарльз М. Либер Қытайдың қаржылық қолдауын жасырғаны үшін тұтқындалғанын 28 қаңтарда жазған. Прокурорлардың айтуынша, Гарвард ғалымы Қытай мемлекетінен қаржылық қолдау алатынын жасырып келген.

Басылым таратқан ақпарат бойынша, 28 қаңтарда түстен кейін Гарвард профессорының қолына кісен салынған. Профессор АҚШ федералдық билік органдарына жалған ақпарат бергені үшін кінәлі деп танылып, «Қытай үкіметімен қаржылық байланысы туралы жалған мәлімдеме жасады» деген айып тағылған. Ол бес жыл түрмеде отыруы мүмкін.

Доктор Либерден бөлек тағы екі ғалым «қылмыс жасады» деп айыпталған. Солардың бірі – Гарвардта қатерлі ісікті зерттеуші Заосонг Чжэн Америкадан қашып бара жатқан кезде ұсталған. Ол Бостондағы Израиль Дезонесс ауруханасының зертханасынан биологиялық материалдар ұрлаған.

Тергеушілердің айтуынша, ол Қытайда ғылыми зерттеулерді өз атымен жариялауды жоспарлағанын мойындаған. Оған «АҚШ-тан контрабандалық тауар алып қашпақ болды және жалған мәлімдемелер жасады» деген айып тағылды.

Үшінші ғалым – Е. Яньцин Бостон университетінің физика, химия және биомедициналық инженерия кафедрасында зерттеу жұмыстарын жүргізген, сосын Қытайға қайтып кеткен. Прокурорлар оны Қытай Халық азаттық армиясында лейтенант болғанын жасырғанын және Бостон университетінде қытай әскери офицерлерінің тапсырмаларын орындағанын айтты.

Яньцинге «визалық алаяқтық және жалған мәлімдемелер жасаған, шетелдік үкіметтің агенті ретінде әрекет еткен» деген айып тағылды. Ол Қытайға қашып кеткен, қамауға алынған жоқ. АҚШ тергеу ақпараттары бойынша, 2011 жылғы құжаттардан Чарльз Либер Қытайдағы Ухань технологиялық университетінде «стратегиялық ғалым» болу туралы келісімге қол қойып, оның айлық жалақысы 50 мың АҚШ долларын, жыл сайынғы шығыстары 150 мың АҚШ долларын құрағаны және екінші зертхана үшін 1,5 миллион доллардан асатын ақша төленгені анықталды.

Ал Factcheck.org сайты жариялаған «Либер және екі студенттің де жаңа коронавируспен байланысы бар деу – қате» деген материалда «шын мәнінде, Либердің де, Қытай Халық Республикасына жұмыс істеді деп жеке істер бойынша айыпталған екі адамның да жаңа вируспен белгілі бір байланысы жоқ. Алдында жазғанымыздай, коронавирус зертханада жасалғаны туралы ешқандай дәлел жоқ» делінген.

Factchecking.org сайты «профессор Чарльз Либер Ухань Технологиялық Университетінен (WUT) алынған қаражат туралы және оның Қытай үкіметінің қаржылық қолдауымен жасалған бағдарламаға қатысы туралы федералды билік тергеушілеріне жалған ақпарат берген. Сол үшін 2020 жылы қаңтарда қамауға алынды деп хабарлады. Гарвард журналы да ғалымның коронавирусқа қатысын терістеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары