Жаңаөзенде 46 жастағы әйел коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Дене қызуы көтеріліп, жедел жәрдем шақырған тұрғыннан сынама алынған. Сөйтіп, оның ағзасынан індет белгілері анықталған. Қазір инфекциялық бөлімнің бокс палатасында жатыр.
Ауру анықталған ошақ пен оның аумағына дезинфекция жүргізілді. Енді науқаспен байланыста болғандар анықталып жатыр.
Жаңаөзен қаласы бойынша қазір карантиндік стационарда 9, үй карантинінде 23 азамат бақылауға алынған.