$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстау облысында беташар жасаған әйел жауапкершілікке тартылды

Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабы бойынша «Төтенше жағдайды бұзу» хаттамасы жасалып, іс материалдары сотқа жіберілді.

Маңғыстау облысында елдегі төтенше жағдай режиміне қарамастан беташар өткізген әйел жазаланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, ТЖ режиміне қарамастан беташар өткізген Онды ауылының тұрғыны жауапкершілікке тартылды.

«Төтенше жағдай режиміне қарамастан, жергілікті тұрғын карантиy ережелерін сақтамай, үйде беташар рәсімін өткізді. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабы бойынша «Төтенше жағдайды бұзу» хаттамасы жасалып, іс материалдары сотқа жіберілді», - деп хабарлады Маңғыстау облысы Қоғамдық байланыс орталығы баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары